«Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 229 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 229 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілгі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің міндетін атқарушы

 

Н. Сауранбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жасанды интеллект және

даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің міндетін атқарушы

2026 жылғы 31 тамыздағы

№ 229 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 16 қазандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.