Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 695 бұйрығына 5-қосымша
Нысанға қосымша
«Бейрезидент табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп, сондай-ақ халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған табыс сомалары, Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын табыс сомалары және
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс болып табылмайтын сомалар
(101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау бойынша
түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бейрезидент кірісінен төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған кіріс сомалары, Салық кодексіне сәйкес салық салуға жатпайтын кіріс сомалары және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кіріс болып табылмайтын сомалар бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау бойынша түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және бейрезидент кірісінен төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы сомасын есептеуге, сондай-ақ:
халықаралық шарттың Түсіндірмеге сәйкес салық салудан босатылған табыс сомалары;
Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын табыс сомалары;
Қазақстан Республикасындағы табыс көзі болып табылмайтын табыс сомалары.
Есепті Салық кодексі 685-бабына сәйкес салық агенті ұсынады.
Бұл ретте, Салық кодексіне сәйкес салық салуға жатпайтын кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы табыс көзі болып табылмайтын кіріс сомалары есепте әрбір бейрезидент бойынша және егер аталған төлемдер валюталық келісімшарт шеңберінде жүргізілген жағдайда көрсетілуі тиіс. Аталған сомалар есепті тоқсан бойынша есептеледі және есепті тоқсан ішінде жиынтығы 50 000 АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда көрсетіледі (Салық кодексінің 684-бабы 1-тармағына сәйкес төлем сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі).