«Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 104 бұйрығы

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 104 бұйрығы

 

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-2-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Мәдениет және спорт министрі

 

А. Раимкулова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

2021 жылғы «____» _________

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2021 жылғы 22 сәуірдегі

№ 104 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға сыйақы мөлшерлемесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.