«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1015 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1015 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоса беріліп отырған толықтырулар енгізу тізбесі бекітілсін.

2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2024 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 1015 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:

қосымша мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:

«30. Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы

31.1 Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.