Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығы
(2025.05.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.08. № 323 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2024.19.12. № 484 бұйрығымен (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.08. № 323 бұйрығымен (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.08. № 323 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.