«Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 114 бұйрығы

Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 114 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу

және дамыту агенттігі

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрінің міндетін атқарушы

2025 жылғы 31 қазандағы

№ 114 бұйрықпен бекітілген

 

 

Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 95-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындайды.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.