Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 Қаулысы
(2016.14.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 693-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.