«Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы (2024.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы

(2024.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.16.01. № 23 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2024.05.04. № 184 бұйрығымен (2024 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.16.01. № 23 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2024.05.04. № 184 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер пайдаланудағы жер учаскелері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.