Микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 93 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 391 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.