«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 239 Қаулысы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 239 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 қазандағы
№ 774 қаулысымен
бекітілген
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай
тізбесі
| Р/с № | Р/с № | Ашық деректер жинағының атауы | Өзектілендіру кезеңі | Ақпаратты орналастыру мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО немесе мемлекеттік органның API жүйелері арқылы) | Жауапты мемлекеттік орган |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Мемлекеттік сектор | ||||||