«Уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 43-н/қ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 43-н/қ бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 9 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің

 төрағасы

 

 

А. Саткалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

 

Қазақстан Республикасының

Атом энергиясы жөніндегі

агенттігінің төрағасы

2026 жылғы 31 наурыздағы

№ 43-н/қ бұйрыққа қосымша

 

 

УРАН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМШАРТ

 

Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын, Құзыретті орган ретінде

Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін

__________________________________________________________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.