Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 9 қарашадағы № 1141 Қаулысы
(2015.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласының мәртебесі және оны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 20 қазандағы № 3698 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 429-құжат) мен «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін объектілердің тізбесі;
2) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік үлестері мен акцияларының пакеттері Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілетін шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың тізбесі;
3) 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесі;
4) 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік үлестері мен акцияларының пакеттері мемлекеттік республикалық меншіктегі шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың тізбесі.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.