Мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 131-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу қағидалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі 2025 жылғы
12 маусымдағы № 131-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік су кадастрын жүргізу
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 37-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік су кадастры (бұдан әрі - МСК) су объектілерінің саны мен жай-күйі, су ресурстарының саны, сапасы мен пайдаланылуы, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың саны мен жай-күйі, бастапқы су пайдаланушылар туралы ресми деректердің жүйеленген жиынтығын білдіреді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.