Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығы
(2023.12.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 466 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Оспан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2023 жылғы «___» ________
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.12.05. № 130 бұйрығымен жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 59 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму
жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы