(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТА...

Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 28 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан/Форма

 

 

Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы

 хаттама /

 Протокол

об административных правонарушениях в области ветеринарии № _________

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.