«Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 10 шілдедегі № 354/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы) 23-бабының 6-тармағының 5) тармақшасының төртінші бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы пилоттық жоба (бұдан әрі - пилоттық жоба) шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: