Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 680/1 Қаулысы
(2025.11.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабы 2 - тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар қаласы әкімдігінің «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 393/1 қаулысының күші жойылсын.
3. «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 5 маусымдағы
№ 680/1 қаулысымен
бекітілді
«Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы
ЕРЕЖЕ
1. «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Павлодар қаласының тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.