(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ...

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікті сатып алу ҰҚК-ге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы «___» ________

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2015 жылғы 26 мамырдағы

№ 41 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы

 киім нысандарымен және басқа да заттық мүлікпен қамтамасыз ету

нормалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.