Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру
қағидасы
1. Осы Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін (бұдан әрі - шекара аймағы тұрғынының куәлігі) беру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін олардың тіркелген орны бойынша ішкі істер органдары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес береді.
Шекаралық аймақ тұрғынының куәлігі тұруға ықтиярхат пен азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
3. Шетелдіктің жаңа тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін алған кезде шекара аймағының тұрғыны куәлігінің жарамдылық мерзімі тағы да осындай мерзімге ұзартылады.
4. Шекаралық аймақ тұрғыны куәлігін ұзартқан жағдайда ол көші-қон полициясының уәкілетті қызметкерінің қолымен және аумақтық ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады.
5. Әрбір шекаралық облысқа арнайы сериядағы куәлік бекітіледі:
Алматы облысы - «АО»;
Шығыс Қазақстан облысы - «ШҚ».
6. Берілген шекара аймағы тұрғынының куәлігі шекара аймағы тұрғынының куәлігін тіркеу журналына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.
7. Әрбір ресімделген куәлікке Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарының стандарттық кодына сәйкес ауданның (қаланың) үштаңбалы кодынан тұратын нөмір және бөлшек арқылы - тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі беріледі.
Барлық кодтар, сондай-ақ тіркеу мекенжайлары және оларда қабылданған қысқартулар «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7324 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу қағидаларын қолдану туралы нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кодтар мен қысқартулардың анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
8. Шекара аймағы тұрғынының куәлігін алу үшін тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
1) тиісті ішкі істер органы басшысының атына тегін, атын және болған жағдайда әкесінің аты көрсетіле отырып толтырылған, тіркеу орны бойынша еркін нысанда өтініш;
2) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлік);
3) 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет ұсынады.
9. Шекара аймағы тұрғынының куәлігінде азаматтың тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні туралы мәліметтер жазылады. Фотосурет ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады, тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы толық көрсетіледі. «Берген орган» бағанында ішкі істер органының атауы көрсетіледі.
10. Шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру мерзімі шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.
11. Шетелдік тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не болмаса шекара аймағы шегінде тіркеу орнын өзгерткен кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігі тиісінше ауыстыруға жатады.
12. Шекара аймағынан тыс жерге шығумен байланысты тіркелген орны ауысқан кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігін тиісті ішкі істер органы алады.
13. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау шекара аймағы тұрғынының куәлігін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының шекаралық
аймағында тұрақты тұратын шетелдіктерге
және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара
аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасына
1-қосымша
нысан
Шекара аймағы тұрғынының куәлігі
(көлемі 80 х 110)
Алдыңғы беті
Артқы беті
Қазақстан Республикасының шекаралық
аймағында тұрақты тұратын шетелдіктерге
және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара
аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасына
2-қосымша
нысан
Шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін тіркеу
журналы