(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТ...

Осы редакция 2019 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.24.05. № ҚР ДСМ-86 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 27 сәуірдегі

№ 272 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжатты Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап және порталға жүгінген кезде - 30 (отыз) минут;

2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама.

Анықтама «Психикалық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

8. Жұмыс кестесі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.