«Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 39/8-8 шешімі (күші жойылды)

Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 39/8-8 шешімі

 

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 121/27-8 шешімімен күші жойылды

 

Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қосшы қаласы мәслихатының «Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27288 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қосшы қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.