Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 47/11-7 шешімі
(2023.15.09. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 26 шілдедегі № 121/27-8 шешімімен күші жойылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| Б. Ибраев |
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 47/11-7 шешіміне
қосымша
Қосшы қаласында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023.29.08. № 39/8-8 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қосшы қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;