(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНД...

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 Қаулысы

(2025.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2025.23.09. № 786 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 673 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.23.09. № 786 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2025 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 7 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 20 маусымдағы

№ 421 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің

тізбесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтік зерттеулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

 2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.