Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 193 бұйрығы
3-тармаққа сәйкес 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидаларын, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 193 бұйрығымен бекітілген
Нысаналы салымды пайдалану туралы есептілікті жасау қағидалары, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері, сондай-ақ нысаналы салымды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер