«2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 379 шешiмi (күші жойылды)

2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LII сессиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 379 шешiмi

 

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 208 шешiмiмен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабы 3) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Алматы қаласы мәслихатының

2019 жылғы 9 тамыздағы

№ 379 шешіміне қосымша

 

 

«Атмосфералық ауа» бөлімі бойынша Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы

 көрсеткіштері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.