Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 111/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 74/2 Қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 282/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4509 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Бақауов |
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 74/2 қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 111/4 қаулысымен
бекітілді
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және