Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 404 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығымен күші жойылды
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 38 701,67 теңге (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын) мөлшерiнде бекітілсін.