Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 221 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының отыз бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.