Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № А-8/332 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Ыдырысов |
2019 жылғы 17 шілдедегі
№ А-8/332 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулыларының
тізбесі
1. «Балаларға қосымша білім беру және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № А-6/229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
««Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.