Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.