(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕРРОРИЗМДІ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУМЕН БАЙЛА...

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

2025 жылғы 12 тамыздағы

№ 10 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.