Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 179 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік саяси қызметшілеріне, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27363 тіркелген) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 179 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 28 наурыздағы