Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 80 Қаулысы
(2023.21.07. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023.14.07. № 179 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023.14.07. № 179 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023.14.07. № 179 Қаулысымен қағидалары және оның сипаттамасы жаңа редакцияда (2023 ж. 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 80 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1-тарау. Жалпы ережелер