«Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 33 Қаулысы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 33 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 489 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы

№ 33 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 31 тамыздағы

№ 489 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы мемлекеттік органдардың типтік функцияларын айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамалық және заңға тәуелді деңгейлерде белгілеу мәселелерін шешу кезінде норма шығармашылық қызметінде қолдануға арналған.

2. Заңдарда мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын олардың функциялары, сондай-ақ іске асырылуы Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетілген:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.