«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесінде:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ақпараттық жүйелер:
1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
2) «электрондық үкіметтің» шлюзі;
3) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
4) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
6) «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі;
7) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
8) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;
9) «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі;
10) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы» ақпараттық жүйесі;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;