Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығы
(2021.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.23.04. № 381 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 14 және 17-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2021.23.04. № 381 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;