Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының цифрлық жетілу стандартын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 144 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын цифрлық университеттерге трансформациялау жөніндегі жобаны енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының цифрлық жетілу стандартын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті осы бұйрықты Жұмыс тобы мүшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы |
|
Д. Ахмед-Заки |
Согласовано
02.04.2024 15:06 Несипкалиев Улан Еренгалиевич
02.04.2024 15:07 Тастан Нұрбол Ерболұлы
02.04.2024 15:07 Арзамасова Айзере Нурлыбековна
02.04.2024 15:14 Сейтак Саруар Муратовна
02.04.2024 15:52 Салимгереев Куаныш Аманжолович
02.04.2024 16:59 Алигожин Бекет Кабиденович
02.04.2024 19:51 Махатов Нурсултан Бостандыкович
03.04.2024 10:11 Щеглова Динара Ринатовна
Подписано
03.04.2024 13:22 Ахмед-Заки Д.Ж. ((и.о Нурбек С.))
[[QRCODE]]
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрі
міндетін атқарушының
2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 144 бұйрығына
қосымша