Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 Қаулысы
(2026.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2026.08.05. № 376 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 3-тармағына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қоса беріліп отырған Қағидалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2026.08.05. № 376 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 101-1-бабының 3-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес әзірленді және ақшалай өтемақыны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.