Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 «2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65 шешімі
Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 «2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 13 063 647 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 7 304 132 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 42 141 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 87 569 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 5 629 805 мың теңге;
2) шығындар - 16 706 669 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 1 575 264 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 3 643 022 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 2 067 758 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 1 575 264 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 13 қазандағы
№ 65 шешіміне
қосымша
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 240 шешіміне
1 қосымша
2023 жылға арналған қалалық бюджет