(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ...

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығы

(2026.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.21.04. № 215 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2026.19.01. № 7 бұйрығымен (2026 ж. 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.28.02. № 50 бұйрығымен (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-9) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.