«Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 67 бұйрығы (күші жойылды)

«Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 67 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 645 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6382 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 18 тамызда № 218 (26279) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдау;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 4 ақпандағы

№ 67 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2010 жылғы 17 шілдедегі

№ 357 бұйрығымен

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.