«Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 388 шешімі

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 388 шешімі

 

Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 367 «2026-2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

«1. 2026 - 2028 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 208 293 799 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 179 711 402 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 690 700 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 330 204 мың теңге;

трансферттер түсімі - 13 561 493 мың теңге;

2) шығындар - 201 434 667,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 671 892 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 671 892 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 138 524,5 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 138 524,5 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) - 7 392 499,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - - 7 392 499,4 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 13 320 396 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 927 896,6 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімдегі 1, 4-қосымшалары осы шешімдегі 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы

А. Даржанова

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2026 жылғы 26 қаңтардағы

№ 388 шешіміне

1-қосымша

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2025 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 367 шешіміне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.