Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы
(2023.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.30.12. № 412 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.02.02. № 48 бұйрығымен (2023 ж. 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.