«Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығы (2022.12.05. берілген өзгерістермен)

Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығы

(2022.12.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.12.05. № 148 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.12.05. № 148 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 28 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан/Форма

 

 

Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама /

Протокол об административных правонарушениях в области ветеринарии № ___________

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.