«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 177 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 177 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларында:

1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап күшіне енеді

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«цифрлық жүйе (бұдан әрі - Жүйе) - бюджет түсімдері мен шығыстарының жаңа түрлерін енгізу, қолданыстағы түрлерін алып тастау немесе өзгерту процестері автоматтандырылатын электрондық түрдегі Бюджеттік сыныптаманы жүргізуге арналған цифрлық жүйе;»;

15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджеттiк кiшi бағдарламалардың 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық коды болады. Бұл ретте, бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген атаулары бірдей бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша сыныпталады.»;

19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:

шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастыратын санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптаманың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.

Ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.