Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 764 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
14-тармақта:
234-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 272-1), 272-2), 272-3), 272-4) және 272-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.