«Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 924 Қаулысы

«Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 924 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2026 жылғы 16 қазандағы

№ 924 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 24 мамырдағы

№ 301 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғылар мен көму пункттерін (бұдан әрі - ЯҚКП) орналастыру алаңын таңдау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) табиғи сипаттағы сыртқы әсер - ЯҚКП-ға қатысты сыртқы табиғи сипаттағы процестерден, құбылыстардан және факторлардан туындайтын әсер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.