Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығы
(2018.17.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2018.17.01. № 33 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2018.17.01. № 33 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.