«Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы (2016.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы

(2016.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2015.07.12. № 621 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2015.07.12. № 621 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары бекітілсін;

2) акциздік таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) ҚР Қаржы министрінің 2016.01.08. № 418 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) есепке алу-бақылау таңбаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.