50-бап. Профилактикалық әңгімелесу
1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері қоғамға жат мінез-құлықтың, құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, себептері мен жағдайларын анықтау, олардың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға бағынатын мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
2. Профилактикалық әңгімелесуді мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамы жүргізеді.
3. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі туралы ескертіледі.
4. Профилактикалық әңгімелесу құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, тұратын жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде, сондай-ақ онлайн форматта жүргізіледі және бір сағаттан артық жүргізілмейді.
5. Кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгімелесу оның заңды өкілдерінің немесе педагогтердің қатысуымен жүргізіледі.
51-бап. Ресми алдын ала ескерту
1. Мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамының жеке тұлғаға оның қоғамға жат мінез-құлықты жалғастыруына жол бермеу не құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамасы ресми алдын ала ескерту болып табылады.
2. Ресми алдын ала ескерту адамға қолын қойғызып жарияланады, ал оған қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жүргізіледі.
Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасын жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам ресми алдын ала ескерту жарияланған адамның жұмыс (оқу) орны бойынша жұмыс берушіге (әкімшілікке) немесе оның тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі басқару органына ресми алдын ала ескертудің шығарылғаны туралы хабарлауға құқылы.
3. Алдын ала ескертудің көшірмесі жарияланғанынан кейін жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
4. Ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды уәкілетті мемлекеттік органдар профилактикалық есепке қояды.
5. Ресми алдын ала ескертудің қолданылу мерзімі ол ресми алдын ала ескерту шығарылған адамға табыс етілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды.
6. Ресми алдын ала ескертудің қолданылу кезеңінде мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік ұйымдардың уәкілетті адамдары оның сақталуын бақылауды айына екі реттен сиретпей жүзеге асырады.
7. Ресми алдын ала ескертуді бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
1. Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады.
2. Жақындауға тыйым салуды қолдану негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде регламенттеледі.
1. Әкімшілік жаза Қазақстан Республикасының заңымен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған адамды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыруды немесе оларды шектеуді қамтиды.
Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да тағы құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
2. Әкімшілік жаза негіздері, мақсаттары, мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде регламенттеледі.
54-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу
1. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету үшін отбасын қолдау орталықтары жүзеге асырады.
2. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалады.
3. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алуды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
55-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру
1. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды құқық бұзушылық профилактикасының уәкілетті субъектілері өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
56-бап. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу
1. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу мыналарға:
1) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларға;
2) заңды күшіне енген сот актісі негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика жөніндегі шара болып табылады.
2. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеуді ішкі істер органдары соттың санкциясымен қолданады және ол осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулаудан тұрады.
3. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеуді қолдану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босату негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
57-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну
1. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда, мемлекеттік органның уәкілетті адамы тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыну жібереді.
2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін шаралар қабылдайды және ұсынуды алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік органға ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ақпаратты жазбаша түрде жіберуге міндетті.
3. Істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты мұндай шараларды қабылдамауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
58-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын), қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, емделуге мұқтаж деп танылған адамға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.
2. Психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдарды психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға мәжбүрлеп емделуге жіберу сотталғандыққа алып келмейді.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану және оларды орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
59-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1. Профилактикалық есепке алу және бақылау мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамды;
2) мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды;
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған адамды;
4) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды;
5) ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған адамды;
7) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін;
8) қадағалаусыз және панасыз қалғандарды;
9) арнаулы білім беру ұйымдарын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын бітірушілерді;
10) адамның психикалық және тәндік функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер ететін алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді және өзге де күшті әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды;
11) тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары қолданылған кәмелетке толмағандарды;
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандарды;
13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандарды;
14) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық тұрғыдан дамуының кешеуілдеуі салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандарды;
15) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдік келтірілген кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қояды.
Қазақстан Республикасының заңдарында адамдарды профилактикалық есепке қою үшін өзге де негіздер көзделуі мүмкін.
3. Экономикалық құқық бұзушылық жасаған адамдар экономикалық тергеп-тексеру қызметінің профилактикалық есебіне қойылады.
4. Профилактикалық есепке қойған кезде адамға (заңды өкіліне) оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі.
5. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.
6. Профилактикалық есепке алуда қамтылған мəліметтер құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
7. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың қолданылу кезеңінде жүзеге асырылады.
8. Профилактикалық есепке алу:
1) егер құқық бұзушылық жасауға бейім адамның түзелу жолына түскені анықталса, тұрғылықты жері бойынша немесе еңбек қызметінде жағымды мінездеме берілсе, мерзімінен бұрын;
2) құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың мерзімі өткен соң, егер оны ұзартуға негіздер болмаса;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
4) кəмелетке толмаған баланың он сегіз жасқа толуына байланысты;
5) қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
9. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылық жасауға бейім адамның жеке ерекшеліктері, оның қоғамға жат мінез-құлқының сипаты мен дəрежесі, ол жасаған іс-əрекеттің (əрекеттің немесе əрекетсіздіктің) қауіптілігі ескеріле отырып, құқық бұзушылық жасау ықтималдығы жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.
10. Профилактикалық бақылау құқық бұзушылық жасауға бейім адамды профилактикалық есепке алу мерзімі ішінде жүзеге асырылады жəне:
1) профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауын жəне жүктелген міндеттерді орындауын;
2) кəмелетке толмағандардың, кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс əсер ететін кəмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқаудан тұрады.
Осы адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тəртібі осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, профилактикалық бақылаудың кезеңділігі құқық бұзушылық жасау ықтималдығын бағалау негізге алына отырып айқындалады.
11. Кəмелетке толмаған адамдарға қатысты профилактикалық есепке алу мен бақылау осы Заңның 82-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
12. Уəкілетті мемлекеттік органдар профилактикалық есепте тұрған адамға тиісінше бақылауды жүзеге асыру жəне оның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы.
13. Профилактикалық есепке алуды жүргізу уəкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тəртіппен əкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тəртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде жəбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық полиция органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жəне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі инспекторлар құқыққа қайшы іс-əрекеттерді жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасын шығарады, ол зорлық-зомбылық жасаған не зорлық-зомбылық жасау қатерін төндіретін адамға орындау үшін қолын қойғызып табыс етіледі. Қол қоюдан бас тартқан жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады.
Жəбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайдағы құқықтық салдары түсіндіріліп, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолын қойғызып ұсынылуға тиіс.
2. Қорғау нұсқамасы шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.
3. Қорғау нұсқамасында зорлық-зомбылық жасауға, отбасының кəмелетке толмаған жəне (немесе) əрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, жəбірленушінің еркіне қарамастан оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге жəне онымен өзге де тəсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны жəне кімге қатысты шығарылғаны, зорлық-зомбылық жасалған немесе жасалу қатері төнген орын, уақыт жəне мəн-жайлар, жəбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қайшы əрекеттер жалғасқан жəне қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасау құқығы көрсетіледі.
Қорғау нұсқамасының шығарылғаны туралы хабарлама (хабархат) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжайы бойынша мəтіндік хабармен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеп-белгіленуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезден бастап отыз тəулікті құрайды. Тексеру кезеңділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір рет болады.
6. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
7. Ішкі істер органдары қорғау нұсқамасы шығарылған адамды профилактикалық есепке қояды жəне оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
61-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу
1. Сот құқық бұзушының тағы құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу қылмыстық-құқықтық немесе əкімшілік-құқықтық əсер ету шарасы болып табылады жəне ол жаза тағайындаған кезде не қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған кезде, сондай-ақ əкімшілік жаза қолданумен қатар жəне əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам əкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
3. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу тəртібі, оның қолданылу мерзімі, шектеулердің тізбесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
4. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
5. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды жəне оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
62-бап. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық əсер ету шараларын қолдану
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға əлеуметтік əділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету жəне сотталған адамның жəне басқа да адамдардың тағы қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында жаза қолданылады.
Жазалау тəн азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
2. Ішкі істер органдары қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза қолданылған адамды профилактикалық есепке қояды жəне оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
3. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық əсер ету шараларын қолдану тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде айқындалады.
4. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау шарттарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамды, егер сот түзелуі үшін оның тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет емес деп таныса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының негіздері бойынша сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылау белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер де жүктеледі.
3. Ішкі істер органдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды жазасының өтелмеген бөлігі мерзіміне профилактикалық есепке қояды жəне оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.
4. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
1. Əкімшілік қадағалау қылмыстың қайталап жасалуының алдын алу нысаны болып табылады, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған, өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған шектеулер белгіленген адамдардың мінез-құлқын байқауды белгілеу түріндегі мəжбүрлеу шарасы ретінде ішкі істер органдары судьяның қаулысы негізінде жүзеге асырады.
2. Əкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін - жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
2) ауыр қылмыстар үшін - жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
3) аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.
3. Əкімшілік қадағалаудағы адам əкімшілік қадағалау қағидаларын немесе өзіне жарияланған шектеулерді бұзған, сол сияқты құқық бұзушылық жасаған жағдайларда, белгiленген əкiмшiлiк қадағалау мерзiмi iшкi iстер органдарының уəжді ұсынуы бойынша судьяның қаулысымен əрбiр кезде алты айға ұзартылады.
4. Əкімшілік қадағалауды белгілеу үшін мыналар:
1) осы баптың 2-тармағында аталған адамдарға қатысты заңды күшіне енген сот үкімі;
2) осы баптың 3-тармағында аталған адамдарға қатысты ішкі істер органдарының материалдары негіз болып табылады.
65-бап. Əкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу тəртiбi
1. Əкімшілік қадағалау сот отырысында:
1) мекеме бастығының ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің орналасқан жері;
2) ішкі істер органы бастығының уəжді ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша белгіленеді.
Сот қаулысы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің бастығына не əкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер органының бастығына орындау үшін жіберіледі.
Əкімшілік қадағалауды белгілеу, оның мерзімін ұзарту немесе шектеулерін өзгерту туралы сот қаулыларын əкімшілік қадағалаудағы адамға - ішкі істер органының бастығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесіндегі адамға мекеме бастығы қолын қойғызып жариялайды. Бұл ретте əкімшілік қадағалаудағы адамға - оның мiндеттерi, əкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемесiнен босатылар алдында əкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жерiне белгiлі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.
Əкiмшiлiк қадағалауды белгілеу туралы судьяның қаулысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен прокурордың өтінішхаты бойынша немесе тiкелей жоғары тұрған сот арқылы күшін жоюы немесе өзгертілуi мүмкiн.
2. Əкiмшiлiк қадағалау белгiленген адамдарға қатысты өмір сүру салтына, отбасындағы жəне тұрғылықты жерiндегi мінез-құлқына, əкімшілік қадағалаудағы адамның жеке басын сипаттайтын басқа да мəн-жайларға қарай мынадай:
1) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;
2) ауданның (қаланың) ішкі істер органдары айқындаған жерлерінде болуға;
3) қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
4) ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз кəмелетке толмағандарды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге жəне өзге де тəсілмен қарым-қатынас жасауға;
5) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін.